Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы қаласында Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті (ФОТО)

27.04.2016 4224 0 пікір

Еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен елімізде тұңғыш рет қыздар арасында өтетін Республикалық Құран жарысына Алматы қаласында іріктеу сайысы болып өтті.

Алматы орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған сынға қала мешіттерінің сауат ашу курстарында тәлім алып жүрген қыз балалар 1 пара, 2 пара, 3пара, 5 пара және 10 пара бойынша бағын сынады.

Сайысқа Алматы орталық мешітінің наиб имамдары Ерсін Әміре, Қасымалиев Бахтияр қарилардың және ұстаз Сапанов Талғаттың төрешілік етуімен әр номинация бойынша үздіктер анықталды. 

1 пара номинациясында

1-орынға Ізбасарова Алина Мұхамедқалиқызы;
2-орынға Әбдеш Айдана Жарқынбекқызы;
3-орынға Оқас Меруерт лайық деп табылды. 

2 пара бағыты бойынша

1-орынды Тілеуова Сая;
2-орынды Бапақова Алтын Тілекқайырқызы;
3-орынды Бөриева Әйгерім иеленді. 

3 пара бағыты бойынша

Ақүрпекова Гүлзат ақтық сынға өтсе, 

5 пара бойынша

1-орынды Бақтыгерей Фатима;
2-орынды Әліпбай Фатима иеленді. 

10 пара бойынша сынға түскендерден

1-орынды Жумадилова Айгерім Ерболқызы;
2-орынды Ергешова Малика Айтжанқызы иеленді. 

Іріктеуден өтіп, аталған қыздардың барлығы Республикалық Құран жарысына Алматы қаласының мешіттері атынан қатысуға жолдаманы ұтып алды. Сонымен қоса, қасиетті Құран Кәрімді жаттап, мәнерлеп оқуға талпындыру мақсатында жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен марапаттау қағаздары ұсынылды.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру