ҚМДБ-ның тапсырмаларын жергілікті аудандарда талқылау, діни басқармадан бекіткен төрт құжатын алыс аудандардағы жамағатқа насихаттау, аудан, ауыл мешіттерінің хал жағдайымен танысу мақсатында ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Аягөз, Үржар, Мақаншы аудандарын аралап, мешіт жамағаттарымен кездесу өткізді.
Бас имам сапар барысында ауыл жұртының хал-ахуалы, мешіттердің жай-күйі, имам-молдалардың жұмысын көріп, тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар, өкіл имам халыққа уағыз айтып, дін қызметкерлеріне нұсқау-кеңестерін берді. Көпшілікпен пікір алысып, сұрақтарына жауап берді.
Жиналған қауым өкіл имамға келелі жиын ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтты.
Семей Қос мұнаралы орталық мешіттің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.04.2016
3411
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру