Елбасымыздың салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуына ат салысу мақсатында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігінің бастамасымен Өскемен қаласындағы этно саябақта дүбірлі спорттық бәсеке өтті. Мұнда Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай», «Өскемен орталық мешіті», «Защита», «Мұхамади» мешіттерінің командалары спорттың бірнеше түрінен өзара сайысқа түсті.
Сайысқа қаладағы танымал спорт мамандары қазылық етті. Жылдамдық пен ептілікпен оза шауып көш бастаған жеңімпаз командаға және жеке спортшыларға Өскемен аймағы өкілдігі атынан сыйлықтар мен марапат ұсынылды.
ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы: «Бұл шара салауатты өмір салтын қалыптастырумен қатар, мешіт жамағаттарының өзара берекесін арттыру, бұқаралық спортты насихаттауда маңызы зор. Облыстық «Халифа Алтай» мешітінен және Өскемен қаласындағы мешіттер осындай бәсекелерді жамағаттар арасында және жастармен тұрақты өткізіп келеміз», - деп іс-шараның маңызына тоқталып өтті.
Сайысқа қатысушылар да көңілді әрі тартысты бәсеке болғанын айтып, риза болып тарқасты.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.04.2016
3366
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру