Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ел тәуелсіздігің 25 жылдығына орай футболдан жарыс өтті (ФОТО)

26.04.2016 3272 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешіті және Маңғыстау облысы дене шынықтыру мен спорт басқармасы бірлесе отырып «Мұнайшы» стадионында мешіт жамағаты өкілдерінің арасында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған футболдан турнир ұйымдастырды. Шараға облыстық мешіт атынан  - 3, қалалық мешіт атынан - 1, Мұнайлы аудандық мешіт атынан - 1, Қызылтөбе ауылдық мешіті атынан – 1, Маңғыстау ауылдық мешіті атынан – 1 және Облыстық дін істері басқармасы атынан 1 команда - барлығы 8 команда қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков «Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған бұл шара - отанымызға деген шексіз сүйіспеншіліктің айқын көрінісі» деп атап өтті. «Бұл шара - мешіт жамағаты арасындағы татулық пен бірліктің нығайюына ұйытқы болады деп сенеміз», - деп өз тілегін жеткізген бас имам жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Маңғыстау облысы дене шынықтыру мен спорт басқармасының өкілі де жарыстың сәтті өтуіне тілектес екенін жеткізді.

Стадионның екі қапталына бөлініп, 8 команда барын салып, футбол ойнаса, жанкүйерлер де қолдау білдіріп отырды. Жарыс соңында 1 -ші орынды «Орталық-2» командасы жеңіп алса, 2 - ші орынды Қызылтөбе ауылдық мешіт командасы иеленді. Ал 3-ші орынға Мұнайлы аудандық мешітінің командасы жайғасты. Жеңімпаздарға Өкіл имам С.Сейтбеков арнайы диплом мен кубокты және қаржылай сыйлықты табыс етті.

Дәстүрге сай «Үздік қақпашы» және «Үздік шабуылшы» номинацияларына лайық деп танылған футболшылар марапатқа ие болды.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру