Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде: «Дін – насихат», – деген. Қоғамдағы қай кезеңді алып қарасақ та, мұсылман қоғамында дін насихатына көңіл бөлінбеген кез болмаған.
«Уағыз айтылмаған ауыл қалмасымен» ұранымен ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің жанын құралған жергілікті ақпараттық-насихаттық топ өз жұмысын жалғастыруда.
Уағыз-насихат жұмыстары қала, аудан орталығы, ауданға қарасты барлық ауылдық округтерде өтуде. Аталмыш шараларға тұрғындар, жастар, мектеп оқушылары, мекеме қызметкерлері толық қамтылуда деуге негіз бар.
Кездесулердің негізгі мақсаты – Ислам дінінің құндылықтарын жете түсіндіріп, жат ағымдардан сақтануға шақыру. Осы бағыттағы бірнеше кездесулер облысымыздың Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарында өткізілді.
6 күнде 60 кездесуді ұйымдастырған имамдар халықтың сұрақтарына жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.04.2016
3094
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру