Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Бауырыңа өмір сыйла!» атты донорлық акция өтті

26.04.2016 3015 0 пікір

СҚО «Қызылжар» орталық мешіттің ұйымдастыруымен Петропавл қалалық қан орталығында «Бауырыңа өмір сыйла!» атты донорлық акция өткізді.

Аталмыш республикалық акцияға «Қызылжар» орталық, «Нұр» және «Мұхсин» қалалық мешіттерінен жиналған жамағаттары жиылды.

Облыстық қан орталығының директоры Сабыржан Тәукелев, әсіресе, жаңа өмірге келіп жатқан сәбилер қанға мұқтаж екендігін айтып, қан тапсырған жандарға алғыс айтты.

Қан тапсыру – шариғат үкімі бойынша Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннет амалы болып саналады. Сонымен бірге, денсаулыққа тигізер пайдасы да зор. 

Ислам ғалымдары «донор болып, адам баласының өмірін аман алып қалу исламдағы игі амалдардан», – деп бірауыздан құптайды.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру