Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы орталығы Зайсан қаласында «Зайырлы қоғамдағы исламның орны» атты семинар өтті.
Алқалы жиынға ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамдары Дәулет Қабидолдин, Досжан Үмбеттер арнайы келді.
Семинарға ауыл имамдары, Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, дін тану пәні мұғалімдері, ЖАНТ мүшелері, қоғамдық ұйымдар өкілдері, студенттер жалпы 500-дей адам қатысты.
Жиынды ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы ашып, зайырлылық туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, аудандық ішкі саясат бөлімнің басшысы З.Дуйсенбаеваның «Зайырлы мемлекет және дін», Қ.Алтыбаевтың «Абай және ислам діні» атты тақырыптардағы баяндамалары тыңдалды.
Жиын барысында ҚМДБ-ның 2015 жылы атқарған шараларынан бейнеролик көрсетілді.
Қатысушылар тарапынан баяндамашыларға және өкіл имамға сұрақтар қойып, оған лайықты жауаптар берілді.
Семинарды қорытындылаған Зайсан ауданының Бас имамы Тимур Қайдарұлы жиынға қатысушыларға алғыс білдіріп, аталған шараның ауданның рухани өміріндегі маңызды оқиға болғанына тоқталып өтті.
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.04.2016
3183
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру