Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Діни бірлестіктермен кезекті Кеңес отырысы өтті

25.04.2016 3002 0 пікір

Жуырда Елордада түзету колонияларында жазасын өтеушілермен түсіндірме жұмысының сапалық жағын арттыруға қатысты кезекті жұмыс кездесуі өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істер жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес отырысының кезекті отырысы өткізілді.

Кездесуге мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері,  Қазақстан Халқы Ассамблеясы, Діни бірлестіктер басшылары, дінтанушы ғалымдар және қоғам қайраткерлері қатысты.

Кездесу барысында - бас бостандығынан айыру мекемелерінде ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстары бойынша бірлескен жоспарларды мүлтіксіз орындау, нүктелі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізу тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген имамдардың мекемелерге баруын қатаң бақылауға алу туралы сұрақтары қарастырылды.

ҚМДБ-ның берген ұсынысы бойынша түзету колонияларында сотталған азаматтармен нүктелі жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында профилактикалық сипаттағы аудио және бейнежазбаларды көрсету үшін техникалық құралдармен жабдықталған арнайы бөлмелерді ашу мүмкіндігін қарастыру туралы пікір - қатысушы тараптар жағынан қолдау тапты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру