Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастарға «Дін және зайырлы қоғам» туралы түсіндірілді

25.04.2016 3539 0 пікір

Маңғыстау жастары бас қосқан «Дін және зайырлы қоғам» тақырыбында өткен дөңгелек үстелге өкіл имам С.Сейтбеков қатысып, оларға зайырлылық туралы түсіндірді.

«Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және облыстық жастар орталығының қызметкерлері жиналған жиында мемлекеттік басқару жүйелері туралы сөз болды. Өкіл имам өз баяндамасында әлемдік тәжірибеде мемлекеттік басқару жүйелерінің бірнеше құрылымдарының бар екенін айтып, олардың әрқайсысына жеке - жеке тоқталып, жастарға түсіндіріп берді.

«Көптеген мемлекеттер зайырлы демократиялық жүйені ұстанады. Алайда зайырлы қоғам дегенді діннен алыс, немесе дінсіз, дінге тыйым салатын мемлекет деп түсінбеу керек. Зайырлы мемлекетте дін мемлекеттен бөлінген, мемлекет дін ісіне араласпайды. Алайда ар - ождан бостандығы, дін, сенім, бостандығы және діни бірлестіктердің жұмысына шектеу қойылмайтын басқару жүйесі болып табылады. Ислам діні бойынша зайырлы қоғамда өмір сүру - бұл кәпірлер елінде өмір сүру деген сөз емес. Ислам мұндай мемлекеттік басқару жүйесіне қайшы келмейді. Керісінше, шариғат мұсылмандарға діні мен мемлекет қағидаттарын құрметтеуге бұйырады», -  деді өкіл имам С.Сейтбеков.

Жиын соңында жастар өздерінің сауалдарын қойып, облыс имамы тарапынан жауап алды.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру