Қашанда түйіткілді мәселелердің шешімі – парасаттылықпен, біліммен, толыққанды, дұрыс ақпарат берілумен шешілген. Халқымыз «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деп теріс бата беруінің өзі білімсіздіктің және білгеннің тілін алмаудың салдары қаншалықты зиянды екенін аңғартады. Еліміз егемендік алғаннан кейін саңырау құлақтай қаптап кеткен мысықтілеулес миссионерлер мен үй ішінен үй тіккісі келетін теріс пиғылды діни ағымдардың іс-әрекеттері еліміздің тәуелсіздігіне, діни тұрақтытылығына, ұлттық қауіпсіздігімізге және ынтымағымыз бен бірлігімізге қауіпті екені баршаға аян.
Міне, осыған орай, елімізде білікті заңгерлерді даярлайтын оқу орындарының бірі Астана қаласындағы «Қазақ гуманитарлық заң университеті» студенттерімен «Ұлағат» Мәдениет және даму қорының ұйымдастыруымен «Қазіргі әлемдегі және Қазақстандағы діни ахуал: жағдайы мен қауіп-қатерлері» тақырыбында теолог мамандардың қатысуымен келелі кездесу өтті. Кездесуде діни терроризм мен экстремизмнің бет-пердесі, деструктивті діни ағымдардың шығу тарихы, олардың көздеген мақсаттары, ағымдардың алдын алу шаралары, теріс пиғылды ағымдарға жастардың ілігу себептері т.б. тақырыптарда дәріс оқылды.
Дәрісті Астана қаласы әкімдігінің жанынан құрылған ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері: «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, исламтанушы Бақытжан Өткелбаев, «Ұлағат» Мәдениет және даму қорының атқарушы директоры Қамажан Жұмақасова, ҚР МСМ ДІК «Мәдениет және діндердің халықаралық орталығы» аналитикалық бөлімінің басшысы Дилияра Дәрібаева жүргізді.
Дәрістің соңы студенттерді дін саласындағы толғандырып жүрген өзекті сұрақтарға нақты жауаптар берумен жалғасты.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.04.2016
3544
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру