«Қайырымыдылық жасасаң, қайырын көресің», - деп жатады дана халқымыз. Ақиқатында өзгеге қол ұшын беріп, қолыңдағы барыңмен өзгенің жыртығын жамау асыл қасиеттердің бірі. Дінімізде де қайырымыдылық жасаған адамның Алла тарапынан мол сауапқа кенелетіні сөзсіз.
Қолыңдағы барымен көпшілікпен бөлісіп, тағдырдың тауқыметімен ғаріп күн кешкендердің алғысына бөленуден шексіз ләззәт алып, қайырымдылық жасап жүрген жандар аз емес арамызда. Қаншама мұқтаж жандар көп ортамызда. Өмірге келе сала Алланың сынағына ұшыраған 5 айлық Ерболатқызы Айназға көмектесу мақсатында жұма намазынан соң, Атырау қаласы «Иманғали» орталық мешітінің ауласында «Сәбиге өмір сыйла» атты қайырымдылық акциясы өтті. Қайырымыдылық шараға жамағатпен бірге «Жүректен жүрекке» қайырымды жастары қол ұшын берді.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.04.2016
3427
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру