Өткен қыс айларында өңірде қар көздегеннен көп жауды. Сондықтан да болар, қар ерісімен облыс орталығынан 60 шақырымдай жерде жатқан Қостанай ауданы Суриков елді-мекенінде су көбейіп, бірқатар үйлердің тұрғындары қиындықтарға кездесті.
Суда қалған баспаналардың бірқатар тұрғындары жергілікті мектепке орналастырылды. Мұндай тосын жағдайда жүрегінде иман, бойларында адамгершілік секілді асыл қасиеттері мол жандар қарап отырмайтындығы белгілі.
Бұл жерлестеріміздің басына түскен қиындыққа дін қайраткерлері де сергектік танытып, қол ұшын беруде. Қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы, «Зекет» қорының аймақтағы өкілі Жақсылық Ғайсин, облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Азамат Мурзаканов, Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Асылхан Түсіпбектер осы елді-мекенде болды.
Олар су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арнайы жолығып, азаматтарға облыстық және аудандық мешіт және «Зекет» қорының атынан азық-түлік тапсырып 40 адамға түстік ас ұйымдастырды.
Суриков ауылындағы ағайындар өздеріне қайырымдылық көмек көрсеткен дін қайраткерлеріне өздерінің алғыстарын білдірді.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.04.2016
3148
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру