Сәрсенбінің сәтті күні Қаратал аудандық орталық мешітте «Имамдар – пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мирасқорлары» атты семинар болып өтті.
Аталған семинарға Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Рымханұлы ашып, жүргізді. Семинарға аудан, қала және ауылдық имамдар қатысты.
Жиын барысында, өкіл имам ауданда атқарылып жатқан іс-шаралармен, ҚМДБ-ның міндеттеген тапсырмаларын жүзеге асу барысымен танысты. Сонымен қатар, өз ісін тиянақты атқарған имамдарға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан сый-сыяпат жасады.
Аудандық кітапханаға бет алған имамдар оқушылармен кездесті. Кездесу барысында Серікхан Рымханұлы, оқушыларға қазіргі қоғамдағы ислам дінінің маңыздылығы жайлы, жастардың басқа жат ағымдардың жолына түсіп кетпеу жолдарын айтып, тағылымды дәрісін жасады. Ал, оқушылар тарапы көкейде жүрген сұрақтарын жолдады. Мектеп шәкірттерінің сұрақтарына риза болған өкіл имам, әр сұраққа толымды әрі байыпты жауап берді.
Түс ауа, аудандық мүгедек балаларды оңалту орталығына барып, ондағы науқас балалардың хал-ахуалымен танысып қайтты. Бұған қоса, науқас жандардың ата-аналарына қайырымдылық шарасын жасады. Ал, осында тәрбиеленетін балалар өздерінің шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.
Талдықорған өңірінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.04.2016
4023
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру