Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шығыстың Маралды аулында «Ислам және зайырлы қоғам» атты семинар өтті

22.04.2016 3648 0 пікір

ҚМДБ-ның бастамасымен елордамыз Астанда бастау алған «Ислам және зайырлы қоғам» атты конференцияның ауыл-аймақтардағы жаңғырығы ретінде ҚМДБ-ның Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аймағы «Күршім аудандық мешітінің» ұйымдастыруымен Маралды ауылында «Ислам және зайырлы қоғам» атты семинары өтті.

Алқалы  жиынға ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкіл аймағы Ермек қажы Тасболатұлы, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Дәулет Қабидолдин, Досжан Үмбеттер қатысты. Семинарға Күршім ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы, мамандары, дінтану пәні мұғалімдері, ақсақалдар өкілдері және мешіт жамағаттары келді.

Семинарды ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы  ашып, Исламдағы зайырлылық қағидалары туралы халыққа түсінікті тілде қарапайым дәйектермен баяндама жасады.

Аудандық ішкі саясат бөлімнің басшысы, жастар орталығының жетекшісі қатарлы тұлғалар сөз сөйледі. Семинардың басында қатысушыларға ҚМДБ-ның 2015 жылы атқарған шаралары жайлы бейнеролик көрсетілді.

«Шалғай ауылға өкіл имам арнайы келіп осындай ғылыми шара өткізіп жатуы да үлкен игілікті іс. Бұл ең алдымен қарапайым халықтың діни сауаттылығын арттыруда зор маңызға ие. Бүгінгі жиында елдің көңілінен шыққан өзекті ойлар ортаға салынған келелі шара ретінде маңызды болды, ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз», - деп атап өтті, Маралды ауылдық орта мектебінің ұстазы Ғ.Қабылқайырова. 

Шараны қорытындылаған Күршім ауданының Бас имамы Тілейбек Соянұлы баяндамашыларға және қатысушыларға алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру