Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде тұңғыш рет «Нұр-Мүбарак» университетінде өтетін Қыздар арасында І Республикалық Құран сайысына іріктеу болып өтті.
Алдымен сайыстың мән-маңызын түсіндіру үшін облыстық бас имамы Ахметжан қажы Керімбек сөз алып, бұл сайыс ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бастамасымен қолға алынып отырғанын ерекше атап өтті.
Аталмыш Құран сайысына белгілі қари Кәмілжан Садықов «Ықылас» қарилар орталығының ұстазы, Махмуд Мохамед Абделгауад Мохамед Мысыр Араб Республикасынан келген ұстаз және облыстық орталық мешітінің ұстазы Нұрлан Бақытжанұлы төрелік етті.
Қорыта айтқанда, 10 пара, 5 пара, 2 пара және 1 пара бойынша өткен сайыста 34 қари қыз-балаға 5-6 мамыр күндері «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінде өтетін Республикалық Құран сайысына жолдама берілді.
ҚМДБ ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.04.2016
3228
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру