Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Әзірет Сұлтан" мешітінде ғылыми-тәжірибелік семинар өтті (ФОТО)

21.04.2016 3518 0 пікір

"Әзірет Сұлтан" мешітінде "Матруди ақидасы және Қазақстандағы дәстүрлі Ислам" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.

Оған наиб мүфти, "Әзірет Сұлтан" мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ аппарат басшысы Ғылымбек Мажиев, Екібастұз қаласының Бас имамы Бауыржан Отарбаев, "Әзірет Сұлтан" мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Минуаров және басқа да имамдар мен медресе ұстаздары қатысты.

Конференцияның негізгі мақсаты Матруди ақидасын таратуға алғышарттар жасау.

Жиын соңында ортаға салынған ұсыныстар жан-жақты қаралып, бірауыздан қабылданды. Атап айтсақ: Матруди ақидасын насихаттау, ол туралы еңбектерді орыс тілінде басып шығару, шәкірттерге орыс тілінде семинарлар өткізу, бейнеуағыздар мен сабақтар  шығару. 

muslim.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру