Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халал» стандартты сертификат табысталды

21.04.2016 3401 0 пікір

Халал тағам – денсаулықтың кепілі. Ас – адамның арқауы. Қандай ұлттың болмасын тағамында міндетті түрде болатын өнім бар, ол – ет. Бүгінгі таңда азықтың түр-түрі шығып жатқан кезеңде халал ет өте сұранысқа ие.

Жамбыл облысында жаңадан «ТОО Оңтүстік халал тағамдары» цехі іске қосылмақ. Осыған орай, ҚМДБ-ның «Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі» Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Данияр қажы Жұмабаев және ҚМДБ-ның Жамбыл облысық «Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің өкілі» Аят Дыбысұлы аталмыш цехта болып танысып қайтты.

Сондай-ақ, осы ет шығарушы цехке «Халал» стандарты сертификат табысталды. Бірер уақытта жұмысын бастағалы отырған цехке алдағы уақытта асы адал, жұмыстары берекелі бола берсін демекпіз! 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру