(«Дін мен дәстүр» кітабын оқып,тоқы да автокөлік жеңіп ал!)
Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешіті 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2016 жылдың 20 сәуірден - 4 маусым айлары аралығында «Дін мен дәстүр» кітабы негізінде өткізілетін «Дәстүрім-тірегім, дінім-діңгегім» атты облыстық білімпаздар конкурсын ұйымдастыруды қолға алды.
Конкурсқа Павлодар облысының 16-25 жас аралығындағы барлық жастары (мектептердің 10-11 сынып оқушылары және жас ұстаздары), ЖОО студенттері мен колледж оқушылары, жас мамандар қатыса алады. Конкурсқа қатысушылар 3 кезең бойынша сынға түсіп, «Дін мен дәстүр» кітабында қамтылған мәселелер бойынша көрсетілген талаптарға сай іріктеуден өткізіледі. Конкурс қазақ тілінде жүріледі.
Бас жүлде – автокөлік;
1-орын – скутер;
2-орын – үй кинотеатры;
3-орын – ноутбук;
5 ынталандыру сыйлығы – смартфон телефондары.
Сондай-ақ, қатысушылар «Дәстүрім – тірегім, дінім – діңгегім» атты облыстық білімпаздар конкурсының дипломы және алғыс хаттарымен марапатталады.
Байқауға білікті дін қызметкерлері, имамдар, тіл мамандары мен облысымыздағы ЖОО профессорлары қазылық етеді. Қатысушыларды бағалау – жабық түрде балл беру арқылы жүзеге асады.
Облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің Бас имамы Н.Исенов өз сөзінде: «Тарихымыздың тағылымына назар салсақ, бір шындыққа көзіміз жетеді: дін мен дәстүр үндескенде дін дамиды, дәстүр байиды, ал ұлт діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды. Баршаға белгілі, ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері ғасырлар бойы өзара кірігіп, ажырамастай болып тамырласып кетті. Біздің рухани құндылықтарымыз - ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы яғни, дін мен дәстүр бірлігі-өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі. Ал дәстүрлі құндылықтар – қазіргі зайырлы қоғамдардағы әлеуметтік-саяси қатынастарды реттеуші және ішкі саяси үдерістерді тұрақтандырушы негізгі факторлардың бірі», - деді.
Байқаудың қорытындысы және марапаттау рәсімі 2016 жылдың 4 маусым күні қалалық Естай атындағы Мәдениет Сарайында өткізілетін Рухани кеш барысында жүзеге асады. Байқау ережесімен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің діни-танымдық Mazhab.kz порталының бетінен танысуға болады.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.04.2016
3889
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру