Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңа басшы – дін жанашыры

21.04.2016 4046 0 пікір

Талдықорған қаласындағы «Иман» мешітіне Алматы облысы Дін істері басқармасының жаңа тағайындалған басшысы Рахмет Разбекұлы Есдаулетов арнайы сапармен келді.

Қала имамдарымен кездесуде жаңа басшы ел дамуына зор үлес қосып келе жатқан дін қызметкерлеріне ризашылығын жеткізіп, біргелікте жұмыла жұмыс жасауға шақырып, басқарма тарапынан барынша дін мен қоғамның дамуына қолдау көрсететінін айтты.

Жиын соңында Р.Есдаулетов пен Талдықорған өңірінің өкіл имамы С.Ахмадиев бір-біріне сыйлық беріп, өкіл имам жаңа басшыға қызметіне табыс тіледі.

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру