Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті (ФОТО)

20.04.2016 3382 0 пікір

Бүгін Астанада «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қыздар арасындағы республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өтті.

Қала мешіттеріндегі сауат ашу курсына қатысушы қыз-келіншектер Құран оқу бойынша білім бәсекесіне түсті. Жарысқа Қарилар орталығының директоры Сәдуақас Олжабай, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан және «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар Өсерхан қазылық етті. Орталық мешіт өкілі Төлеби қари іріктеу сайысының мақсат-міндеттері мен талап-шарттарын түсіндірді.

Астана қаласы бойынша іріктеу сайысында 14 үміткер 10-30 пара бойынша білімдерін ортаға салды. Қазылар шешімімен әр параны сауатты оқыған 7 қатысушы үздік деп танылып, бірінші орын иелері Республикалық жарысқа жолдама алды.

Еске сала кетсек, 5-6 мамыр күндері «Нұр-Мүбарак» университетінде тұңғыш рет қыздар арасында республикалық Құран жарысы өтеді.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру