Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыс имамдарының кезекті жиналысы

20.04.2016 3226 0 пікір

ҚМДБ-ның Павлодар облысы өкілдігіне қарасты барлық қала, аудан имамдарының кезекті жиналысы болып өтті. Жиналыста діни басқармадан бекітілген мешіттер тарапынан тұрақты атқарылып тұруы тиіс іс-қызметтердің негізгі 4 бағытының жүзеге асу барысы туралы қала, аудан имамдары өкіл имам Н.Исеновке есеп берді.

Келесі кезекте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2016 жылы мамырдың  5-6 жұлдызында «Нұр-Мүбарак» университетінде тұңғыш рет қыздар арасында өтетін I Республикалық Құран жарысы қатысатын үміткерлер туралы, жуырда ғана облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінен жариялаған «Дәстүрім-тірегім, дінім-діңгегім» атты облыстық білімпаздар конкурсына үміткерлерді қатыстыру, қала, аудан имамдарының апталық есеп беру барысы, «Нұр Мүбарак» университеті мен медреселерге шәкірттер даярлау, мешіттердегі кадр мәселелері қатарлы көптеген мерзімдік іс-шаралар талқыланды.

Жиналыс соңында ҚМДБ-ның ғұламалар кеңесінің мүшесі, ҚМДБ-ның Шариғат және Пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы имамдар сұрағына жауап беріп, дәріс өткізді.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру