Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Құран жарысы өтті

20.04.2016 3604 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлының бастамасымен қалалық «Құддыс ишан» мешітінде Құран жарысы ұйымдастырылды.

Жас шәкірттерді ынталандыру, иманын арттыру, қасиетті Құранның қадір-қасиетін жете ұғындыру, шәкірттерді шыңдау мақсатында өткізілген жарыс тартымды өтті.

Жарысқа қатысушыларды сараптау барысында Құранды дұрыс оқу, қатесіз жаттау, белгілі бір жаттаған бөлігінің мағынасын түсіне білуіне баса назар аударылды.

Нәтижесінде Құранды көркем оқып, алдыңғы қатардан көрінген шәкірт Анаш Жансерік І орынды иеленіп, арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, жүлделі орын алғандар бағалы сыйлыққа ие болды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру