Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен мамыр айының 5-6 жұлдызында «Нұр-Мүбарак» университетінде тұңғыш рет қыздар арасында Республикалық Құран жарысы өтеді.
Аталмыш жарысқа қатысатын үміткерлерді анықтау мақсатында Астана қаласы өкілдігінің бастамасымен бүгін іріктеу сайысы басталды. Елорда мешіттерінің сауат ашу курстарында дәріс алатын қыз-келіншектер «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіне келіп өз білімдерімен жарысқа түсті.
Іріктеу сайысының басталуында ҚМДБ-ның Астан қаласы өкілдігінен арнайы келген, қазылар алқасының мүшесі, «Нұр-Астана» мешітінің наиб имамы Төлеби Оспан іс-шараның мән-маңызын, мақсатын айта келіп, үміткерлерге жарыс ережелері мен шарттарын түсіндірді.
Аталмыш жарысқа Республикалық қарилар оралығының директоры Сәдубақас қари Олжабаев, «Нұр-Астана» мешітінің наиб имамы Төлеби қари Оспан, «Сәдубақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Жұманазар қари Садырханов қатарлы білікті мамандар қазылық жасауда.
Қыздар арасындағы Республикалық Құран жарысына іріктеу сайысына 14 үміткер 10-30 пара аралығындағы сайысқа түсті.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.04.2016
3770
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру