Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы орталық мешітінде «Пәтуә алу» сағаты іске қосылды

20.04.2016 4123 0 пікір

Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Әуесханұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы, Пәтуә бөлімінің қызметкерлері Алматы орталық мешітінде жамағаттың күрделі мәселелері мен сұрақтарына жауап беруде.

Аталған жоба жамағаттың кез-келген адамнан пәтуә сұрамауы үшін, ресми пәтуә бөлімімен тікелей жүздесіп, өз сұрақтарына жауап алуларына жағдай жасау үшін қолға алынып отыр.

Жамағаттың сұранысы бойынша ұйымдастырылған шара аптаның әр дүйсенбі күні ақшам намазынан кейін Алматы орталық мешітінде өтеді. Жамағат өзінің көкейінде жүрген, шешімін таба алмаған мәселелерін енді еліміздегі ресми діни Пәтуә бөлімінің мандарынан тікелей сұрай алады. Ол үшін сұрақтар жазбаша күйде, қағаз бетіне түсінікті етіп жазылып мамандарға беріледі.

Алғашқы кездесу осы дүйсенбі күні бастау алып, жамағаттан келіп түскен он шақты күрделі сұрақтар жауаптандырылды. Шараға келушілер өз ризашылықтарын көрсетіп, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

Мешіт жамағаты, Мұсабеков Дін-Ислам: Өзімнің көкейімде жүрген түйткіл мәселеме пәтуә маманынан жауап алғаныма өте қуаныштымын. Халықтың сұрайтын нәрселері де өте көп болар. Осындай кездесу тым қажет ақ. Алдағы уақытта жалғасын табар деген үміттемін.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру