Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетімдерге дастархан жайылды

20.04.2016 3520 0 пікір

«Орал» орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан Орал қаласы, Зашаған кентідегі облыстық балалар үйінің 70-тәрбиеленуші балаларына «Шұбатхана» кафесінде қайырымдылық дастарханы жайылып, ас беріп, Құран оқып, бата берді.

«Жетімдіктің күнін кешкен Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Алланың аманатын қажымай үмметіне жеткізіп кетті. Ата-бабаларымыз сан-ғасырлар бойы амалына асырып келе жатқан Әбу Ханифа мәзһабымыз елдің ынтымағы мен бірлігі, татулығы мен бейбітшілікті қалайтынын тарих беттері дәлелдеп берді. Еліміздің болашағы жастардың қолында дегендей, иманды ұрпақ қоғамның дұрыс дамуының кепілі болары анық», - деп Бас имам балаларға бата берді. Бас мүфтидің биылғы жылы қайырымдылық іс-шараларын өткізуді алғы орынға қоюының өзі, Елбасының жолдауымен байланысып, өзінің ерекше орнымен жалғасып келеді. Сол себептен, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан балаларға арнайы жасалған дастарханнан 70 тәрбиеленуші балалар дәмнен алып, ризалықтарын білдірді.

Ақ дастархан басында иләһи әндер шырқалып, ғибратқа толы уағыздар айтылды. Балалардың қуанышында шек болмады.

Шара соңында балаларға арналған тәттілер ұсынылды. Қайырымдылық дастарханның демеушілері болған кәсіпкер азаматтарға Алла істеріңізге береке беріп, «Жетім көрсең жебей жүр» – деген Алла мен пайғамбарымыздың сөздеріне амал еткен жандарға Алла жар болсын дейміз.

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру