Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ережеп айындағы келелі басқосу

20.04.2016 3390 0 пікір

Әнәс бин Малик (р.а.) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Құрметті ай төртеу, таңдаулы періште төртеу, ең абзал кітап төртеу, дәреттің парызы төртеу, тәсбихтың жақсысы төртеу...», - делінеді.

Құлшылыққа құлшындырар сол құрметті айлардың бірі Ережеп айында Алматы қаласында орналасқан «Омар ибн Хаттаб» мешітінде мешіт ақсақалдарымен жамағатқа арнайы ақ дастархан жайылды. Тағылымы мол бұл айдың қадір қасиетін ұғынған жанға сауаптың көп екені де мәлім.

Мешітке арнайы ат басын тіреген қадірлі қонақтардың бірі ф.ғ.д. Сәрсенбі Дәуіт би шешендердің сөздерін мысалға келтіріп, сондай-ақ «Омар ибн Хаттаб» мешітінің Бас имамы Асан қажы Тілеубердиев мешіт жамағатын құттықтап Ережеп айының қадір қасиеті жайында уағыз-насихат айтты.  

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру