Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешіті көз тартар көркі мен көлемі жөнінен ғана емес, атқарылған шаруа мен ұйымдастырылған шаралар есебі бойынша да алдыңғы қатарда келеді. ҚМДБ-ы бекітіп берген төрт бағыт бойынша да жүргізіліп келе жатқан жұмыстар да оң нәтижелі. Соның ішінде уағыз-насихат жұмыстарын жандандыра түскен «Әзірет Сұлтан» мешіті елімізге белгілі исламтанушы ғалымдарды арнайы мешіт мінберіне шақырып, ер және әйел жамағаттарына арналған жүздесулер жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.
Кеше «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйелдер жамағатына арналып ұйымдастырған осындай келелі кездесулердің бірі болып өтті. Алматы қаласындағы «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам университетінің баспасөз хатшысы, белгілі исламтанушы-журналист Айша Кеңесбайқызы «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйелдер жамағаты және шәкірттермен кездесіп, уағыз-насихат жұмыстарын өткізіп қайтты.
Алматы қаласынан арнайы шақырылған Айша Кеңесбайқызы алдымен мешіт шәкірттерінің қатысуымен өткен «Адалдық – текті ұрпақ тұғыры» атты дөңгелек үстелге қатысып, сөз сөйледі. «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат ашу курсының шәкірттері өздерін толғандырып жүрген түрлі сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Ал, түстен кейін білікті маман «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйелдер жамағатымен жүздесіп, «Зайырлы қоғамдағы мұсылман әйелінің рөлі» тақырыбында ой толғады.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.04.2016
3561
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру