«KFC» ресторанының Алматы қаласында орналасқан бас кеңесінде «Халалдың маңыздылығы» атты семинар өтті.
Семинарға «KFC» ресторанының қызметкерлері мен Халал стандартының Алматы қаласы бойынша 7 аудан өкілдері қатысты. Алматы қаласы бойынша Халал стандарты бөлімі бойынша өкілі Елжанов Əнуарбек Ізімбайұлы жəне ҚМДБ Халал стандарты бөлімінің сарапшы маманы Алмагүл Қуанышқызы семинарға қатысып, дәріс оқыды.
Семинар барысында ғылыми дəлел дəйектермен əлемдік халал өндірісінде көш басында келе жатқан мемлекеттердің тəжірибесіне сүйене отырып, ҚМДБ-ның Халал стандарты бөлімі дайындаған Халал стандартын таныстырып өтті.
Алдағы уақытта да бұл семинардың жалғасы Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларында орналасқан «KFC» ресторандары қызметкерлеріне арналған семинар өткізілу жоспарлануда.
Айта кетейік, Республики аумағында «KFC»-дің 32 рестораны қызмет көрсетуде. «KFC» компаниясы Діни басқарманың халал сертификатына ие болған болатын.
ҚМДБ Халал стандарты бөлімі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.04.2016
3866
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру