Осыған дейін хабарлағанымыздай ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті тарапынан арнайы 2 жергілікті ақпараттық-насихаттық топ құрылып, облысқа қарасты аудан, ауылдық округтерді аралау жұмыстарын бастап кеткен болатын.
Кезекті кездесулер Шиелі, Жалағаш аудандарында өтті. Ақпараттық насихаттық топ құрамындағы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Б.Улжаев, қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Н.Керімбеков аудандағы бірнеше мекемелер мен оқу орындарында болды.
Ауданға қарасты ауылдық округтер мен орта арнаулы оқу орындарында болып, имандылық, дін мен дәстүр тұрғысында уағыз-насихаттарын жеткізді.
«Дін – насихат. Жақсылыққа шақыру және жамандық атаулыдан адам баласын тыю – парыз» екендігін мақсат тұтқан имамдар ауыл тұрғындарына келелі мәселелер мен жоспарларды жеткізе білді.
Шиелі ауданында насихат жүргізген өкіл имам Омаров Талғат Сейіткәрімұлы ауыл ақсақалдарымен қоғам мәселесін талқылап, ой-пікірлерін тыңдады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.04.2016
3161
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру