Шымкент қаласы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан облыс әкімдігі жаныдағы «Қазақстанның орталық коммуникациялар қызметі» орталығында «Дін және тарих тағылымы» жылы аясында атқарған жұмыстары мен бірқатар жоспарлары туралы брифинг өткізді.
Брифингке ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек және оның орынбасары Мұхамеджан Естеміров және қала имамдары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Брифингті өкіл имам орынбасары (модератор) Мұхамеджан Естеміров ашып, жүргізіп отырды. Брифинг барысында өкіл имамы Ахметжан Керімбек ҚМДБ тарапынан берілген 4 бағыт бойынша атқарылған жұмыстардың мән-маңызына тоқталды. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның тапсырмасына орай, жуырда өткізілген 7 тәлімдік құжаттар бойынша сынақтың қорытындысын жария етті. Жалпы, облыс бойынша ҚМДБ-ға филиал болып тіркелген 791 мешіттен 1062 діни қызметкер қатысып, сынақ алынды.
Осыдан кейін, уағыз-насихат жұмыстары бойынша 2432 кездесу өткізіліп, 97280 адам қатыстырылды. Кереғар ағымдар бойынша 2450 сәләфилік және «Таблиғи жамағат» діни ағымы бағытын ұстанатын азаматтармен жеке кездесу ұйымдастырылды. Оның нәтижесінде 205 азамат ханафи мазһабына қайта оралды. Имамдарды қайта даярлау жұмыстары бойынша ОҚО имамдарының білімін жетілдіру курсынан 1075 имам-молдалары кезең-кезеңімен апта бойы білімдерін шыңдады. Биылғы жыл бұл үрдіс жалғасын табуда. Сонымен қатар, мешіт жанындағы 242 діни сауат ашу курстарынан 12158 тәлімгер алғашқы діни білімге қол жеткізді. Бұл өз кезегінде түрлі кереғар ағымдардың жетегіне кетуден сақтанудың жолдары болып табылады.
Үлкен қажылық жұмыстарына дайындық жұмыстарының қолға алынғандығын атап өтті. Биылғы жылы «Эйр Астана» және «Флай Нас» әуе компаниялары қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ, қажылыққа ниет еткен азаматтар осы сәтен бастап құжаттарын өткізіп, қажылық жөнінде діни білімін арттыру мақсатында «Қажылық» курстарынан өту керек екендігін айтты.
Брифинг барысында «Дін және тарих тағылымы» жылы аясындағы жұмыстар жөнінде кең көлемде түсіндірілді. Діни білімді шет елдік діни оқу орындарынан кем түспейтін отандық Нұр-Мүбәрак универсиеті мен 9 медреседен алу қажет екендігіне тоқталып, әлеуметтік желілер бойынша діни мағлұматтарды ҚМДБ-ның ресми сайттарынан ғана алу жөнінде айтып өтті.
Брифинг барысында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап берді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.04.2016
3198
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру