Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам және зайырлы қоғам

19.04.2016 3227 0 пікір
Ислам және зайырлы қоғам

«Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ислам және зайырлы қоғам» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияға Ұлттық ұлан әскери институтының курсанттары, әділет басқармасынының, Ішкі істер департаментінің, қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, ұлттық қауіпсіздік Комитеті департаментінің қызметкерлері, ардагерлер мен студенттер қатысты.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Наурызбай Өтпенов пен Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова, Дін істері жөніндегі комитеттің бас сарапшысы Ботагөз Шахметова, университеттің проректоры Лаура Қайыржановалар  баяндама жасады. Олар тілге тиек еткен мәселелер аз емес: мемлекеттің тұтастығындағы діннің орнынан бастап, Алланың ақ жолына түскен жастарға дейін.

Конференцияға қатысушыларға ҚМДБ-ның жаңа кітаптары – «Дәстүрлі ислам жауһарлары» мен пәтуалар жинағы таныстырылды.

Конференцияға қатысушылар Үндеу қабылдады.

Екі күндік семинар


 «Қызылжар» орталық мешітінде  дүйсенбі күні өткізілген «Дін және зайырлы қоғам» атты конференциямен қатар екі күндік семинар ұйымдастырылды.

Аудан имамдары мен ауыл молдаларына арналған шараға ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай Өтпенов, ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров, облыстың бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай қатысты. 

Семинарда ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай Өтпенов Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы, имамдардың тұлғалық келбеті және дін қызметкерінің этикасы жайлы дәріс өтті.  

 

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру