18 сәуір күні Павлодар қалалық «Достық үйінің» мәжіліс залында ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі, облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұйымдастыруымен жалпы бұқараның қасиетті дініміз Ислам туралы білімін арттыру мақсатында «Ислам және зайырлы қоғам» атты облыстық семинар-конференция болып өтті.
Семинар-конференцияның негізгі мақсаты мен міндеті – облысымыздағы ҚМДБ қызметкерлерінің (ЖУНТ мүшелері, мешіт имамдары) заманауи білімін жетілдіру, уағызшылар тобының кәсібилігін шыңдау, шешендік өнерді меңгеру, сонымен қатар психологияны игеру, жастарды патриотизмге тәрбиелеу, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігін арттыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан мұсылмандарының біртұтастығын қалыптастыру, діни радикалды идеология және олардан келетін қауіп-қатермен қоғам болып күресудің әдіс-тәсілдерін меңгеру, дінаралық татулық пен келісімді нығайту, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды насихаттау болып табылады.
Семинар-конференцияға облыс, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары, облысымыздағы Жергілікті уағыз-насихат тобының мүшелері (ЖУНТ), дін жанашырлары, мешіт жамағаттарымен мешіт қамқоршылары кеңесінің мүшелері, облысымыздағы мемлекет, қоғам және дін қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, саясаттанушылар, ЖОО-ның профессорлары, тарихшылар мен қоғамдық сарапшылар, студенттер мен оқушылар өкілдері қатысады.
Семинар-конференцияның бағдарламасы бойынша облыс бас имамы Нариман Исеновтің «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам» тақырыбындағы кіріспе сөзінен кейін
«Қазақстан Республикасының заңнамасындағы зайырлылық принциптері» тақырыбында облыс дін істері басқармасының басшысы Даулет Қоқанұлы Закарьянов;
«Ислам және тарих тағылымы» тақырыбында ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы;
«Исламдағы зайырлық ұстанымдар» тақырыбында облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Хасан Ташайұлы Аманқұлов;
«Діни эктремизм мен терроризмнің алдын алудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Жолдас Құшпақұлы Бертымұратов.
«Тіл мәдениеті және сөз өнері» тақырыбында С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры Айман Файзоллақызы Зейнулина –лар арнайы баяндамалар оқиды.
Конференция ҚМДБ-ның өкіл имамы Н.Исеновтың қорытынды сөзімен жабылды. Өкіл имам Н.Исенов өзінің қорытынды сөзінде: «Тәуелсіздік жылдарында дініміз бен тілімізді, салт-дәстүрімізді қайта жаңғырттық. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 1990 жылдан бері дінімізге қызмет етіп, еліміздің бірлігі жолында жұмыс істеп келеді. Өткен жылы тұңғыш рет республикалық имамдар форумын өткізіп, ел мұсылмандары мен дін қызметкерлері үшін маңызды тарихи төрт құжатымызды қабылдадық. Діни басқарманың 2020 жылға дейінгі жұмысын дамытуға арналған Тұғырнамасын бекіттік. Діни білім жүйесін жетілдіруге арналған арнайы Тұжырымдама қабылдадық. Бұл оқиғалар – еліміздің діни саласындағы тарихи шаралар деп есептейтінін атап өтіп арықарай:
Имам – рухани тұлға, қоғамды тәрбиелеуші ұстаз. Қазіргі қоғамның талабына сай білімді, діни салада тәжірибесі мол имамдар корпусы қалыптасты.
Қазақ халқы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ата діні – Исламды саналы түрде жүрек қалауымен қабылдады. Байтақ даланың тұрғындары рухани негіздерін Исламнан тауып, діннің адамгершілік құндылықтарын бойына сіңіріп, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптарымызды байыта түстік. Сондықтан да біздің семинар-конференцияға қатысушылар облысымыздағы мұсылман үмметін, Ислам ғалымдарын, қоғамдық сарапшыларды, жалпы халықты ортақ мәзһабымыздың мәртебесін көтеріп, қоғамда тыныштық орнатуға, террористік әрекеттерге тосқауыл болуға, жалпыға ортақ адамгершілік құндылықтардың насихатталуына, тарихи дінімізді келесі ұрпаққа дұрыс жеткізуге, ортақ мәдениетіміз бен дәстүрімізді жаңғыртуға белсенді үлес қосуға шақырамыз. Еліміздегі зиялы қауым өкілдерін, тарихшы-ғалымдарды, қоғамдық әрі діни сарапшыларды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жариялаған идеясын жан-жақты жүзеге асыруға, тағылымға толы тарихымызды жалпы халық арасында насихаттауға шақырамыз-деп сөзін бітіреді.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.04.2016
3329
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру