Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Бабалар еккен шынарды балалар саялайды» акциясы шығыс өңірде өрістеді

18.04.2016 4051 0 пікір

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешіті аумағында сенбілік өтті. Тазалық шарасына облыстық «Халифа Алтай» мешіті мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкерлері, ақсақалдар, мешіт жамағаттары және сауат ашу курсының шәкірттері жұмылдырылды. 

Бұдан соң облыстық мешіттің қызметкерлері ҚМДБ-ның «Бабалар еккен шынарды балалар саялайды» акциясына үн қосу мақсатында мешіттің аумағына бағалы ағаштар саналатын 60 түп шырша, самырсын, қарағай көшеттері отырғызылды.

Қатар тізіліп егілген ағаштар әсем мешіттің көрікіне көрік қосып, айналасына ерекше сән беріп тұр.

Облыстық «Халифа Алтай» мешітінің найб имамы Дәулет Қабидолдин: «Мешіт ауласы әр кезде де көрікті, әрі таза болуы тиіс. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз үмбеттеріне тазалықты міндет еткен. Мешіттің айналасы таза, ауласы көрікті болса ол дінге деген, сосын жамағатқа, халыққа деген құрмет болмақ. Біз әрдайым мешіт аумағы таза, әсем болуын қадағалап отырамыз. Бүгінгі сенбілікке ат салысқан сіздерге, алғыс білдіреміз», - деп шараға қатысушыларға алғыс айтып, қызметтеріне сәттілік тілеп шығарып салды.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру