Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Екі айлық курс аяқталды

18.04.2016 3498 0 пікір

Алла Талаға білім ізденудің маңыздылығын адамзатқа алғашқы түсірген кезден-ақ, білдірген. Бұған Мұхамедке (с.ғ.с.) алғашқы түскен мына аят дәлел бола алады: «(Ей, Мұхамед) Жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан. Оқы! Раббың аса ардақты. (Раббың) Сондай (ілімді) қаламмен үйреткен. Ол, адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен». Шын мәнінде білім – біздердің қателіктерімізді түзеуге, бағытымызды нақтылауға, білім иелерімен бәсекеге түсуге, ең бастысы Алладан шынайы қорқуға алып келеді.

Дін саласы мамандарының діни сауаттылығын арттырып, біліктілігін көтеру және өзара тәжірибе алмасуға бағытталған сауат ашу курсында кезекті екі айлық білім жетілдіру курсы аяқталды. Екі ай бойы шәкірттерге өңіріміздегі білікті ұстаздар дәріс беріп, ілімдерін жетілдірді.

Курсқа ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы,  «Иманғали» орталық мешітінің найб имамы, ұстаз Артық Жұмабекұлы, «Әттақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы, теолог Қанат Жұмағұлдар қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Шәкірттердің екі ай бойғы үлгерім нәтижесі бойынша 28 тәлімгер сынақтан сүрінбей өтіп, сертификатпен марапатталды.

 «Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру