Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ислам институты: өкіл имам мен шәкірт-имамдардың салиқалы сұқбаты (ФОТО)

18.04.2016 3856 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек Алматы қаласында Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында білім алып жатқан имамдармен кездесу өткізді.

Кездесудің ашылу сөзінде институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы  еліміздегі мұсылман қауымының, мешіт жамағаттарының рухани бай болуы имам-молдаларға байланысты, ал имам-молдалардың білімді де білікті болуы институт ұстаздар ұжымына байланысты екенін атап өтті.

Өкіл имам Ахметжан Пірәліұлы институтта білімін жетілдіруші имам-молдалармен хал-жағдай білісіп, білім алудың маңыздылығын, үздіксіз білім жетілдіруде институттың маңыздылығын баса айтты. Өз қарамағында жұмыс атқарып жатқан шалғайдағы ауыл-аудандардан бастап, қаладағы мешіттерде қызмет етіп жатқан имамдардың аталмыш институтқа келудегі басты мақсаты – тек қана білім алып қана қайту емес, жеке нәпсіні тәрбиелеуді де басты назарда ұстаудың маңыздылығын тілге тиек етті. Ислам институтының директоры Кенжеәлі қажы мен институт ұстаздар ұжымын қасиетті ислам дінінің өсіп-өркендеуіне, дәстүрлі дін жұмыстарының қалыпты дамуына қосып жатқан үлесіне шексіз алғысын білдіре отырып, «Алғыс хат» табыстады.

Еліміздің оңтүстік өңірінен соңғы жылдары 450 имам-молдалар білімін жетілдірсе, алдағы уақытта осы санды сапалы ете отырып, одан да арттыруды көздейтінін айта кетті. Сондай-ақ, білімін жетілдіруге келген имам-молдаларды ықылас-ниеттерін барынша шыңдап, білімге аса ден қоюға шақырды.

Институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы алдағы уақытта имамдардың білімін жетілдіруде жаңашыл әрі тиімді бағдарламалардың көмегімен жауапты да сауапты ұлы жол – ислам көпірі тәріздес ел имамдарының біліктілігін көтеруде аянбай еңбек етуге мүдделі екендігін айтып, өкіл имам Ахметжан Пірәліұлын «Алғыс хатпен» марапаттады.

Кездесу соңында дін өкілдерінің басшылары алдағы уақытта еңбектерінде өзара табыстар тілей келе, өкіл имамға сәт сапар тілеп, сапарға шығарып салды. 

Байжұма ӘБДІСАМАТ,
Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының әдіскері


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру