Қазақстан мұсылмандары діни бақармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы имамдар алдына қойған міндеттерінің бірі халықты діни сауаттандыру, жастарды жат ағымның жетегінен сақтау болатын. Осыған орай, ҚМДБ-ның жанынан құрылған РАНТ-ның республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі ОҚО-ның найб имамы Еркебұлан Қарақұлов Тараз шаһарына ат басын тіреді. 11-15 сәуір аралығындағы Жамбыл облысының қала, аудандарын аралап уағыз-насихат жүргізген өкілдер ақида, төл ата дініміз, адамгершілік, діни сауаттылық турасында халықпен пікірлесті.
Жамбыл облысы бойынша жүргізілген үгіт-насихат жұмысы бірінші болып М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев пен Еркебұлан Қарақұловтың қатысуымен өтті. Еркебұлан Қарақұлов пен «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев ТарМУ-да «Тарих және әлеуметтік педагогика» факультеті, «Бизнес және есеп» колледж, «Һибатулла Тарази» мешіті, «Байдібек» мешіті, Құлан ауылы (ҚАШК) Құлан ауылшаруашылық колледжі, «Сұлтан» мешіті, Кәсіптік колледж, «Хан» мешіті, Аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратының мәжіліс залы, Бірлік ауылдық «Бірлік» мешіті, «Жәми» мешіті, Гуманитарлық-экономикалық колледжі, «Қордай» мешіті, Қасық ауылдық «Құдайберген» мешітінде кездесу өткізді. Жиынға жалпы 1,347 адам қатысты.
Жамағат көкейлеріндегі сауалдарын қойып, дәлелді әрі мардымды жауаптар алды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.04.2016
3401
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру