Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданындағы көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Келлеровка ауылына көмек көрсету мақсатында «Астана асары» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.
Тас түскен жеріне ауыр болғанымен, ағайынның жанашырлығы жанға демеу беріп, жылу сыйлайтыны сөзсіз. Жұмыла көтерген жүктің жеңіл болатынын айтудың өзі артық. Бауырларымыздың басындағы қиындықтарға бей-жай қарамай, сын сағатында жәрдем көрсетуге асығайық!
Қабылданатын көмек түрлері:
1. Азық-түлік (бұзылмайтын түрлері);
2. Киім-кешек (Су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға негізгі керек киімдерді беруді сұраймыз. Мысалы: резеңке етік (резиновые сапоги), жаңа яки таза жылы киімдер, жемпір, шалбар, т.б. ескерту: ескі киім-кешек қабылданбайды);
3. Көрпе (Одеяло);
4. Ыдыс-аяқ (ескі емес);
5. Ақшалай. (Қаражатты қала мешіттеріндегі арнайы қойылған жәшіктерге тастай аласыздар).
Барша астаналық ағайынды Астана асарына үлес қосуға шақырамыз!
Толығырақ ақпаратты Астана қаласындағы өзіңізге жақын орналасқан мешіттерден алуға болады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.04.2016
3766
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру