Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам шәкірттерді қызметке шақырды

15.04.2016 3705 0 пікір

ҚМДБ ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы С.Сейтбеков жұмыс бабымен Сарыағаш, Шымкент медреселерінде болып, биылғы бітірген түлектермен кездесті. Шәкірттерге өзінің сапар мақсатын түсіндірген облыс имамы Маңғыстау аймағында имам молдалардың  жеткіліксіздігін айтып, оларды Алла жолында қызмет етуге шақырды.

Биылғы үшінші курсты бітіріп жатқан түлектер өкіл имамның ұсынысын қабыл алып, өздерін әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілу жайын тілге тиек етті.

Өкіл имам шәкірттерге имам молдалардың әлеуметтік мәселелерін жергілікті билік арқылы шешу жолдары қарастырылатынын айтты.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру