Әдеттегі қазақ отбасының көрінісі. Жалғыз баласын шет елге білімі алуға жіберіп, өздері күнделікті той тойлап, қарапайым күн көріп жатқан қазақ отбасы. Кенет есік қоңырауы соғылып, үйге қапа сақал баласы достарымен сау етеді.
Ата-анасының төбесінен жай түскендей болған бұл оқиға бүгінгі жаһандану дәуіріндегі дін мен діл, жат ағымадар мен дәстүрлі ұстаным, қазақы болмыстың бүгінгі жеткен деңгейі өзара тартысқа түседі.
Шығыс Қазақстан облыстық драма театры ұсынған «Шырмауық» спектаклін бәлкім бүгінгі әрбір қазақ отбасы көруі тиіс болар. Драматург Бек Рамазанның екі перделі әлеуметтік драмасы бүгінгі қарапайым отбасында орын алған оқиғаны ортаға салады. Италияға классикалық музыка оқуына кетті деген қаракөздің сәлде орап, сақалын жіберіп шет елден ата дінге ұқсамайтын «ислам» дінін арқалап келуі бір отбасының ертеңін ғана емес, бүкіл қазақтың болашағы не болады деген сұраққа ауысады. Актерлердің қойылымды өте шебер жеткізе білуінен режиссер Сахан Әкелеевтің бар ынта- ықыласын жұмсағанын аңғаруға болады.
Нұр-Мүбарак университетінің түлегі, исламтанушы, магистр Қуат Қабдолданың діни кеңесшілігімен қойылған «Шырмауық» спектаклі Алматыдағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетіне де қойылды.
Нұр-Мүбарак университетіне тек студент, ұстаздар ғана емес, «Шырмауық» спектаклінен хабардар жамағат өкілдері, ақ жаулықты аналар, қариялар да келіп тамашалап, ойына ой қосып, театр ұжымына алғыстарын жаудырды.
Айша КЕҢЕСБАЙ
«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.04.2016
3759
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру