Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ-ның бөлім басшысы Өскемен аймағында

15.04.2016 3513 0 пікір

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров, Дін істері комитетінің Дін мәселелерін ақпараттық талдау, ғылыми зерттеу орталығының Исламды зерттеу бөлімінің басшысы, белгілі дінтанушы ғалым Мұхан Исахан Өскемен аймағына қарасты өңірлік мешіттердің имамдары мен кездесті.

Жиын басында ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы өңірде атқарылып жатқан шаралар барысы туралы баяндап, алдағы міндеттерге тоқталды.

Бұдан соң сөз алған ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров: «Қазіргі таңда имамдарға қойылатын талап күшейе түсуде. Әрбір имам заман ағысынан қалмай өзінің білімі мен біліктілігін ұдайы шыңдап отыру қажет. Имамдарға қажетті кітаптар мен әдістемелік құралдар діни басқармадан жыл сайын жеткілікті шығарылып келеді. Имамдардың алдында зор мақсаттар мен міндеттер тұр» дей келе, діни басқарманың құрылымымен таныстырып, келелі міндеттер туралы айтты.

Дінтанушы ғалым Мұхан Исахан қазіргі діни ахуал туралы кеңінен баяндап, имамдардың бастамашылдықпен жұмыстау қажеттігін ескертті.

ҚМДБ-ның өкіл имамы Ермек қажы Тасболатұлы Өскемен өлкесіне арнайы келіп, конференцияға қатысып және имамдарға арнайы кеңес берген ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров пен дінтанушы ғалым Мұхан Исахандарға алғыс білдірді.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру