Екібастұз қалалық мешітінде діни сауат ашу курсының әйел шәкірттерінің жалғастырушы топ шәкірттерінің арасында Құранды жатқа оқудан жарыс өткізілді. Бұл Екібастұз қаласында әйелдер арасында алғаш рет ұйымдастырылған Құранды жатқа оқу жарысы. Жарыс басталар алдында мешіт ұстазы Шадиева Зауре жарысқа қатысушыларға Құран оқу туралы хадистер келтіріп уағыз айтты. Жарысқа 19 шәкірт қатысты.
Шәкірттер оқу жыл басынан бастап Құран Кәрімді жаттап оқып жатыр. Жарыс шарты бойынша Құранның әр жерінен бір аятын оқып, соны шәкірттер жалғастырып оқыды.
Құран жарысының нәтижесі бойынша 11 сүре жаттағандар арасында бірінші орынды Джамалова Үміт пен Жошина Айман бөліп алды. Ал 22 сүре жаттағандар арасында бірінші орынды Мусина Нұрфатима қанжығасына байлады.
Жүлделі орын алған шәкірттерге Марапат хаты, діни кітаптар сыйлыққа берілді. Сонымен қатар жарысқа қатысқан шәкірттерге де түгелдей сыйлықтар берілді.
Жарыс соңында ұстаз Шадиева Зауре жарысқа қатысқандарға ризашылығын білдіре келе, әрі қарай қасиетті Құран сүрелерін үзбей жаттай беруді жалғастыра берудің сауабы мол екендігі туралы айтты.
ҚМДБ Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметі






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.04.2016
3408
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру