Алла Тағаланың жер бетіне жіберген ең сүйікті елшісі, Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.): «Дін – насихат» деп айтып кеткен. Яғни, асыл дінімізді насихаттап, халықты жақсылыққа, имандылыққа шақыру да сауапты амалдардың бірі.
Бұл орайда, елімізде ақпараттық-насихаттық шаралар тұрақты әрі көптеп ұйымдастырылып келеді.
Осы мақсатта Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республикалық ақпараттық насихат топ мүшесі, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы іс-сапармен Семей өңіріне қарасты, Аягөз ауданының орталық мешітінде болды.
Өзінің Семей өңіріне жасаған сапарында Серікхан қажы Рымханұлы Аягөз ауданының орталық мешітінде болып, мешіт жамағаттарымен арнайы кездесулерге қатысып, уағыз-насихат жұмыстарын жүргізді.
Уағыз-насихат жұмыстары барысында РАНТ мүшесі дін мен дәстүрдің сабақтастығы, жат ағымдардан сақтану, мұсылманның мұраты көркем-мінез турасында мағыналы насихатын жеткізді.
Бұл кездесу алдағы уақытта да ауданның басқа да мекеме орталықтарында өтетіні жоспарлануда.
Аягөз қалалық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.04.2016
3122
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру