ҚМДБ-ның бастамасымен БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Султановтың ұйымдастыруымен «Бабалар еккен шынарды балалары саялайды» атты қайырымдылық ақциясы болып өтті.
Қайырымдылық ақциясына ел ағалары, облыс, қала мешіттерінің имам-молдалары, медресе ұстаздары мен шәкірттері, белсенді жастары қатысты.
Орал қаласының Еуразия даңғылы бойындағы қоқыс тазартылып, көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізді. Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов, Орал қаласының әкімі Нариман Төрағалиев, Өкіл имам Руслан Тыныштықұлы медресе шәкірттерімен бірлесіп «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген мақсатпен көше жағалауына ағаш екті.
Дінімізде ағаш отырғызу сауабы мол істердің қатарына жатады. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадистерінің бірінде: «Ағаш отырғызған адамға ағаштан жиналатын жеміс-жидектің мөлшеріндей сауап беріледі» десе, екінші бір хадисінде: «Кімде-кім бір ағаш отырғызса, бұл ағаш жеміс бергенге дейін оған қарап қорғаса, бұл ағаштан түскен әрбір жеміс Алла алдында ол адам үшін бір садақа болады», «Бір ағаштан адамдар, жануарлар немесе құстар пайдаланатын болса, ол ағашты отырғызған адам үшін бір садақа болады»,- деп, артындағы үмбетіне мәні мен мазмұны терең өсиет қалдырған.
Осындай қайырымдылық жұмыстары бүгін де өз жалғасын тауып, имамдар мен шәкірттер де қаланың тазалығына өз үлестерін қосты.
Шара соңында БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Султанов жергілікті БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.04.2016
3316
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру