Орал қаласының жаңа әкімі Нариман Төреғалиев облыстың дін өкілдерімен кездесті.
Кездесу барысында қала әкімі облыс орталығындағы діни бірлестіктер жетекшілері және олардың қызметімен танысты. Іс-шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық ислам діни бірлестігінің өкіл имамы «Орал» орталық мешітінің имамы Руслан Султанов сөз алып, облыс көлеміндегі жасалып жатқан діни шараларды баяндап, алдағы атқаратын істі тілге тиек етті.
Өз кезегінде қала әкімі Нариман Төреғалиев қатысушыларды рухани-өнегелік мұраны, ұлттық дәстүрлер мен қоғамдық өмірдің нормаларын, сондай-ақ Қазақ халқының рухани мирасын бірлесіп дамытуға шақыра отырып, әлемнің гүлденуі үшін табысты еңбек етуге тілектестік білдірді.
ҚМДБ-ның БҚО баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.04.2016
3817
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру