Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бірлігі мығым елге - қайғы ортақ

13.04.2016 3657 0 пікір

Биыл Қызылжар өңірінің, әсіресе, күнгейіндегі аудандарының талай тұсы теңіз тәрізді қалың жауған қардың суынан тас жолдарға тіреліп тұр. Лап қойған мұздай суға алдымен Тайынша ауданы тап болған еді. Донецкое ауылы түгелдей суда қалды. Одан кейін Келлеровка ауылында 26 үйді су басып, 40-тан астам үйдің аулаларын қиратты.

Мұндайда дүние-мүлкі жарамсыз болып қалған тұрғындарға қол ұшын берушілердің болғаны қандай ғанибет! Бұл жөнінде жұма намазында «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы жиналған жамағатқа тасқын суға тап болғандарға шама келгенше көмек көрсету жөнінде өтініш жасаған болатын.

Нәтижесінде қырғыз диаспорасы – бірнеше қап киім-кешек, тәжік диаспорасы – жүз жұптан астам аяқ киім, түрік диаспорасы – 400 килограмм ұн, үш-төрт жәшік тәтті нан, ал «Қызылжар» орталық мешіті кілемдермен көмек берді.

Жалпы құны бір миллион теңгеден астам осы тауарларды аудан әкімінің аппаратына табыс етті. Көмек қолын созғандарға әкімдік өкілдері алғыстарын білдірді.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру