Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Бабалар еккен шынарды, балалары саялайды»

12.04.2016 4010 0 пікір

Халықтың тұрмысы жақсарып, жағдайымыз оңалғанмен қоғамымызда көмекке мұқтаж жандардың қатары да жеткілікті. "Тастанды" деген атты арқалап жетімдіктің дәмін талай бөбектеріміз тартып келеді. Бір ғана жылулық пен мейірімділік жетпейді оларға. Кішкене назардың өзі олардың жандарын жадыратып, жүректерін жылытады. Өмірге деген құлшыныстарын арттырады.

Сондай мейірімге зәру жандарға жақсылық жасаудың өзі - үлкен сауап. «Үлкен қайырымдылық – жинаған байлықты одан сайын берекелі етеді», - демекші әр қайырымыды істің қайырын көретініміз сөзсіз.

Осы орайда, ҚМДБ-ның Атырау облысындағы жастар ісінің өкілдігінің ұйымдастыруымен облысымыздағы кәмелетке толмағандары уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығындағы балаларға арнап "Бабалар еккен шынарды, балалары саялайды" тақырыпта қайырымдылық акциясы өтті.

Акция барысында 12 бүлдіршінге киім кешек пен аяқ киімдер алып берді. Сонымен қатар, "Мевлана" мейрамханасында ақ дастархан жайылып, сәбилерге әдемі көңіл күй сыйлады.

«Иманғали» орталық мешітінің  баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру