Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Исламдағы зайырлылықтың орны» атты конференция өтті

12.04.2016 3333 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өткен ақпан айында Астана қаласында болған «Ислам және зайырлы қоғам» атты конференция өткізген болатын. Осы шараның жалғасы ретінде Өскемен қаласында ҚМДБ-ның Өскемен аймағының өкілдігі, Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің ұйымдастыруымен «Исламдағы зайырлылықтың орны» атты аймақтық конференция болып өтті.

«Конференцияны ұйымдастырудағы мақсат: Исламның құндылықтары мен зайырлы қоғам арасындағы сабақтастықты насихаттау, халықтың діни сауатылығын арттыру және Діни басқарманың тапсырмаларын жүзеге асыру болып табылады» деп атап өтті Өскемен аймағының өкіл имамы.

Алқалы шараға ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің басшысы Ершат Оңғаров, Дін істері комитетінің Дін мәселелерін зерттеу, ғылыми-талдау орталығының Исламды зерттеу бөлімінің басшысы, ғалым Мұхан Исахан, Шығыс Қазақстан облыстық Дін істері басқармасының басшысы М.Мұхамеджанов, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Назигүл Ғазизова, Семей қаласындағы «Алаштану» орталығының директоры Тұрдығұл Шаңбай, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты Айжан Қартаева сынды ғалымдар шақырылып, баяндамалар жасады.

Шараға қала, аудан имамдары, Өскемен қаласындағы этно-мәдени бірлестіктер мен діни бірлестіктер жетекшілері, БАҚ өкілдері, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар өкілдері, Өскемен қаласындағы мектептердің дін тану пәні мұғалімдері, ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында зайырлылықтың өзекті мәселелері талқыланды. Баяндамалар барысында салмақты пікірлер, салиқалы ойлар айтылып, қызу пікірталас өрбіді. Жиын жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. 

ҚМДБ-ның Өскемен аймақтық өкілдігі,
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру