Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2016 жылы мамыр айының 5-6 жұлдызында Нұр-Мүбарак университетінде тұңғыш рет қыздар арасында Республикалық I Құран жарысы өтеді.
Осыған байланысты Орал облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтановтың ұйымдастыруымен облыстық қыздар арасындағы Құран жарысынан іріктелуі болып өтті.
Шәкірттердің барлығы да үлкен дайындық келген. Іріктеу кезеңінде Құранды мәнерлеп оқу, нақышына келтіріп жеткізе білу, дыбыстауда қателіктер жібермеу бойынша сынға алынды.
Нәтижесінде Сумия Самғат, Сәуле Төлепберген, Айсәуле Бекменбетовалар алғашқы үштіктен көрінді.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы Сумия Самғатқа, Сәуле Төлепбергенге, Айсәуле Бекменбетова тұңғыш рет қыздар арасында Республикалық I Құран жарысына жолдамамен қаржылай сыйлықты табыстады.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.04.2016
3490
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру