Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, Талдықорған қаласындағы Жастар спорт кешенінде қазақ күресінен түйе балуандар арасында облыстық «Талдықорған бөрісі» іріктеу сайысы өтті. Аталмыш жарыста 30 саңлақ өз мықтылығын сынақтан өткізді. Турнирге қатысушылар тізімінде Қазақ күресі, самбо және дзюдодан әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар.
Сонымен қатар, Азия құрлығында топ жарғандар мен ел біріншілігінің жеңімпаздары да қалыс қалмаған. Соның бірі, Талдықорған орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Дәуітов Керімбек және мешіт жамағатынан үш палуан қатысып, күштерін сынады.
Нәтижесінде, К.Дәуітов жүлделі ІІ орынды иеленіп, ынталандыру сыйлығына ие болды. Жүлделі болған бауырымызға Алла денсаулық, отбасына бақытты өмір нәсіп етсін, Алла жолындағы қажымас қайратты еңбегін сауаптан жазсын!
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.04.2016
3667
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру