ҚМДБ-ның тапсырмасына орай, көп жылдар бойы өңірлерде қызмет еткен имамдарды қалаға, қаладағы тәжрибиелі дін мамандарын өңірлерге жіберу туралы тапсырма берген болатын.
Бүгін қасиетті жұма күні Алматы қаласы, Медеу ауданында орналасқан «Фатима» мешітіне Бас мүфтидің бұйрығымен жаңа бас имам Медетбеков Құндызбек тағайындалды.
Ол Талдықорған өңірі Панфилов аудандық орталық мешітінде 13 жыл бойы имамдық қызметін абыроймен атқарып келді.
ҚМДБ өкілі Дәулетияр Сағитжан аталған тағайындауға өзі арнайы қатысып, Бас мүфти бұйрығын оқып, жиылған жамағатқа бас имамды таныстырды. Аталмыш мешіттің бас имамы Тағанұлы Мұсабекке осы жылдар ішінде «Фатима» мешітінде асыл дініміздің өркендеуіне сүбелі үлес қосқанын да атап өтті.
Сонымен қатар, мешіт жамағатының атынан жаңа қызметке тағайындалған дін өкіліне арнайы сый-сияпат жасап, иығына шапан жапты.
Алматы қаласы, Медеу ауданы әкімшілігі және Медеу аудандық «Аманқұл ата» мешітінің бас имамы Тілепберген Жакиеев Тағанұлы Мұсабекке өз қызметін абыроймен атқарғанына алғыс хатпен марапаттады.
Айта кетейік, Алматы қаласы Медеу ауданында орналасқан «Фатима» мешітінде қызмет еткен Тағанұлы Мұсабекті Талдықорған өңірі Панфилов аудандық орталық мешіттің бас имамы етіп тағайындалды.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.04.2016
5240
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру